Травматология, ортопедия және нейрохирургия бөлімшесінің мейіргері Розигуль Насированың бүгінгі 60 жас мерейтойымен ауруханамыздың ұжымы құттықтады. Мерейтой иесін аурухана директоры Р.Нұрбаев қабылдап, ұзақ жылдардан бері денсаулық сақтау саласында үздіксіз, жемісті еңбек етіп келе жатқандығына тоқталып, клиникадағы көп жылғы еңбегіне ризашылығын білдіріп, "Алғыс хатпен" марапаттады. Розигуль ханымға ұжымның атынан зор денсаулық, ұзақ өмір, болашақта еңбегінің жемісін көруіне тілектестігін білдірді. Аурухананың Кәсіподақ комитеті тарапынан мерейтой иесіне қазақ дәстүріне сай бешпент жабылып, қаржылай сыйлық берілді. Роза апайға "басты байлық - денсаулық" демекші, әрқашан денсаулығының мықты болуын, өзінің жас әріптестеріне әрқашан үлгі болып, үлкен белестерді бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз!

By admin