Бүгін ауруханамызда қуанышты жағдай орын алды. Республикалық "Ел құрметі" қоғамдық қорының директоры Ж.Шынарбек мекемемізге арнайы келіп, республикамыздың онкогематологиялық сырқаттары бар балаларға жан-тәнімен риясыз қызмет атқарып жатқан, Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы облысының штаттан тыс бас онкогематологы Джумабаева Меруерт Жолдасбайқызын қоғамның оң бағытта қалыптасуына ықпал ететін отаншыл, ұлтжанды шынайы еңбегі үшін "Алтын дәрігер" медалімен марапаттады. Аурухана директоры Р.Нұрбаев марапаттау рәсіміне қатысып, дәрігер Меруерт Жолдасбайқызына денсаулық сақтау саласында атқарып жатқан сүбелі еңбегі үшін алғысын айтып, ұжымның атынан ізгі тілектерін білдірді.
