Аурухана туралы

Тіркеу деректері:

Толық атауы: шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Қысқартылған: ШЖҚ ОБКА МКК

Заңды тұлғаның құрылтайшысы: Облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Ашылу күні: 25 қараша 2011 жыл

Облыстық балалар клиникалық ауруханасы (ОБКА) 2011 жылы ашылды. Біз жас, бірақ перспективалы ұйымдардың біріміз. ОБКА ғимараты "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында үлгілік жоба бойынша салынды, 2011 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. 2011 жылғы 25 қарашада күндізгі стационар төсектері бар консультативтік-диагностикалық емхана шеңберінде аурухананың салтанатты ашылуы өтті. 2012 жылдың қаңтарында келесі бөлімшелерден тұратын 200 төсектік көпсалалы тәулік бойы жұмыс істейтін стационарымыз ашылды:

 1. Жалпы хирургия бөлімі

2. Травматология және ортопедия бөлімі

3. Жақ-бет хирургиясы бөлімі

4. Күрделі соматикалық патология бөлімі

5. Медициналық оңалту бөлімшесі

6. Онкогематология бөлімі

7. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімі

8. Шала туылған нәрестелер және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімі

9. Клиникалық-зертханалық диагностика бөлімшесі

10. Күндізгі стационар

11. Қабылдау бөлімі

12. Физикалық бөлім

13. Консультативтік-диагностикалық емхана

Біздің аурухананың салыстырмалы түрде қысқа мерзімде бірнеше қайта құрудан өттік: шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін алдық; жаңа бейіндік бөлімшелер (жақ-бет, онкогематологиялық, медициналық оңалту бөлімшесі) ашылды. 2015 жылдың маусым айында біздің ұйым "Үздік облыстық балалар медициналық ұйымы"номинациясы бойынша республикалық конкурста жеңімпаз атанды.