Денсаулық сақтау саласында қызметкерлердің негізгі бөлігі әйелдер екені белгілі және аруларымыз осы мейрамды ерекше күтетіні де ақиқат. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» МКК директоры Ролан Мамырұлы Нұрбаев аталмыш мекемеде қызмет атқаратын қызметкерлерді мейраммен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, береке-бірлік, ынтымақ, бақыт, қызметтеріне табыс тіледі. Мерекеге орай денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын әйел қызметкерлер – дәрігерлер, мейіргерлер, санитарлар, әкімшілік және шаруашылық қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталып, аурухананың Кәсіподақ комитеті тарапынан сыйлықтар тарту етілді. Жиын соңы құттықтаулар мен концерттік бағдарламаға ұласты.



