"AQNIET" Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен "Денсаулық" оңалту-сауықтыру орталығында Алматы қаласы мен Алматы, Жетісу облыстары Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерінің қатысуымен медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға бағытталған отандық танымал медициналық заңгерлерден, белгілі адвокаттардан құралған "Qorgaumed" заң қызметінің мақсат-міндеттері, қызметін таныстыруға арналған семинар өтіп жатыр. Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы қызметкерлері атынан директордың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Г.Алибаева мен Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Кенжеғарев қатысып жатыр.

By admin