AQNIET Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алматы филиалының ұйымдастыруымен Тау Түрген елді-мекеніндегі "Денсаулық" сауықтыру-оңалту орталығында өткізіліп жатқан Кәсіподақ мүшелеріне арналған "Ашық есік" күніне біздің мекемемізден бас мейіргер Төлбасиева Гүлмира Кенемұратқызы мен Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі Аликулова Лаура Тұрысбекқызы қатысып жатыр. Қатысушыларға сауықтыру орталығына таныстыру экскурсиясы жасалып, қазіргі кәсіподақ қозғалысының маңызды мәселелеріне арналған мәліметтер берілді, сондай-ақ лидерлік, ұйымдастырушылық, көпшілікпен жұмыс жасай білу, коммуникациялық дағдыларды жетілдіруге арналған түрлі интерактивтік шараларға негізделген семинар-тренинг өткізілуде.

By admin