Ауруханада емдеу ісімен айналысудан басқа журналистермен де жұмыстар жүргізіліп жатады. Қазір қыс мезгілі, балалар травматизмы ушығып тұрған кез. Ата-аналардың біреуі білсе, біреулері білмей жатады. Өткен бір аптаның ішінде клиникамызға сырғанау аймақтары мен мұз айдындарынан көптеген балалар жарақаттармен жеткізілді. 15-20 шақты ота жасалынды. Бұл жоғарыдағы жайт журналист мамандарын да бей-жәй қалдырмады. Евразия телеарнасының қатысуымен сұхбат жүргізілді. Сұхбат мақсаты балалар травматизмін алдын-алу. Ата-аналарға болып жатқан жағдайды жеткізу. Құрметті ата- аналар балалар травматизмінің алдын алайық.
